Орман шаруашылығы комитеті "Охотзоопром" инспекторларын бронды кеудешелермен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Мемлекеттік сатып алу сайтында өтінімдерді қабылдау мерзімі 30 тамызға дейін жалғасады. Тендердің жалпы соммасы 42 млн теңгені құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, 23 шілдеде "Охотзоопром"-ның 2 инспекторы Ақмола облысында браконьерлерді ұстау кезінде оқ жарақатын алған. Соның бірі Қаныш Нұртазинов ауруханаға жетпей қайтыс болды. 13 қаңтарда Қарағанды облысында да қаскөйлер инспекторларға шабуыл жасап, Ерлан Нұрғалиев елордадағы клиникада көз жұмған еді.