Себебі, елді мекендегі білім ошағы әбден тозған. Іргетасы өткен ғасырда қаланған нысанның бүгінде едендері ойылып, қабырғалары қақырап тұр. Тіпті онда оқушылар түгілі мұғалімдердің өзі жұмыс істеуге қорқатындықтарын айтуда. Бүтін бір ауылдың басты мәселесіне айналған мектептің жайын тілшіміз тарқатады.
Құлаудың азақ алдында тұрған нысан өткен ғасырда мақта өңдеу зауыты үшін салынған. Кейін мектепке айналдырылған. Бірақ бүгінгі жайы өте нашар. Қатты ескіргендіктен есіктерінің өзі әрең ашылып жабылады. Ал, қабырғалары сөгілген соң қыста жылуы да қиын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу