Оқушыларға 300 мыңнан астам ноутбук беріледі

727

1 қыркүйекке дейін оқушыларға 435 мың компьютер табысталды.   

Оқушыларға 300 мыңнан астам ноутбук беріледі

Әкімдіктер наурыз айынан бері компьютер сатып алу мәселесімен айналысып жатыр. Олар бұл істі қазір бастаған жоқ. Осының өзінде компьютер тапшылығы болып жатыр. Atameken Business телеарнасының Exclusive бағдарламасына сұхбат берген білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді.

"1 қыркүйекке дейін оқушыларға 435 мың компьютер уақытша қолдану үшін берілді. Басқа мемлекеттермен салыстырып көрсеңіздер, бұл өте үлкен жұмыс екенін түсінесіздер. Осы айда 300 мыңнан астам ноутбук сатып алынып, техникаға мұқтаж оқушыларға уақытша пайдалануға беріледі", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу