"Олимптен" тәркіленген 5,5 млн долларды Ұлттық банкке аудару рәсімі жүріп жатыр

585

Сондай-ақ 200 мың еуро аударылады.

"Олимптен" тәркіленген 5,5 млн долларды Ұлттық банкке аудару рәсімі жүріп жатыр

"Олимп" букмекерлік кеңсесінің басшыларына қатысты қылмыстық іс аясында тәркіленген 5,5 млн АҚШ долларынан астам қаражат Қазақстан Ұлттық Банкіне қайтарылады, деп жазады inbusiness.kz Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына сілтеме жасап.

"Бүгінде "Олимп" букмекерлік кеңсесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс аясында тәркіленген $5,5 млн және €200 мың көлеміндегі қаражатты Ұлттық банкке аудару рәсімі жүріп жатыр", – деп түсіндірілген дүйсенбідегі хабарламада.

Комиссияның мәліметіне сүйенсек, 95 млрд теңгеге залал келтірген осы букмекерлік кеңсе басшысы С. есімді азаматты қоныс-колонияға ауыстыру (ұстау шарттарын жеңілдету) туралы Қапшағай қалалық сотының 2022 жылғы 6 маусымдағы қаулысының күшін жою туралы жеке өтініш шығарылған болатын.  

"Аталған іс бойынша 3,6 млрд теңге (4 ұшақ, 5 жер учаскесі, 15 автокөлік, Алматы қаласындағы 30 жылжымайтын мүлік нысаны (тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар және т.б.) мемлекет пайдасына тәркіленді", – деп айтылған баспасөз хабарламасында.  

2019 жылы Ұлттық қауіпсіздік органдары прокуратурамен бірлесе отырып Қазақстаннан тыс жерлерге ақша қаражатын заңсыз әкету арналарын анықтап, бұл фактілердің жолын кескен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу