Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды

831

Олжас Әбішев 2018 жылы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған.  

Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"3 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Олжас Әбішевке қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген елорда соты баспасөз қызметінің мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қамауға алынғанын растады. Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу