Жамбыл облысында өндірістік жарақат алатындар жиіледі

2225

Осы жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздің кәсіпорындарында 757 жазатайым оқиға орын алып, соның салдарынан 848 адам зардап шекті.

Жамбыл облысында өндірістік жарақат алатындар жиіледі

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13%-ға төмен (2018 жылдың 8 айында – 975 адам), оның ішінде – 95 адам қаза тапты, ал бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 28%-ға төмен (2018 жылы-133 адам), деп хабарлайды еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл ретте жарақаттанудың өсуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалады. Павлодар облысында өлім-жітім жағдайларының саны артты. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көбі тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында байқалады  – 96 адам немесе 15% және құрылыс саласында – 65 адам немесе 10%.

Кейбір кәсіпорындарда екі және одан да көп жазатайым оқиғалары орын алғандығын айта кету керек: ("АрселорМиттал Теміртау" АҚ – 20, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС – 11 (Қарағанды облысы), "Казцинк" ЖШС – 15, "Шығыстүстімет" ЖШС – 6 (ШҚО), "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС – 3, "Алюминий Казахстана" АҚ – 2 (Павлодар облысы), "ССКӨБ" АҚ - 4, "Баян Сұлу" АҚ - 2 (Қостанай облысы).

"Орын алған жазатайым оқиғалардың негізгі себептері: жұмыс өндірісін қанағаттанғысыз ұйымдастыру, қауіпсіз еңбек тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу болып табылады. 2019 жылы 23 мамырда "Астана Су Арнасы" МКК 4 қызметкері метанмен уланып қайтыс болды. Ал 12 маусым күні Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының орталығында екі метр тереңдікте канализациялық құдыққа тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде "Зайсан" КМГП-нің үш қызметкерімен жазатайым оқиға орын алды (метанмен уланған), оның біреуі қайтыс болды, ал екеуі аудандық ауруханаға жатқызылды. Аталған кәсіпорындардың басшылары өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарында тыңдалып, жарақаттанушылыққа жол бермеу бойынша жеке іс – шаралар жоспарын әзірледі", - деп хабарлады Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Оның айтуынша, Қазақстанда зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарының санын азайту мәселесі өзекті болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу