Олар басшылықтың талаптарына наразы. Айтуларынша көлікке әр кірген жолаушыны есептейтін сэнсорлы құрылғы орнатылған. Алай ол кіріп, бірден шығап кеткен, автобусқа сыймай қайта түсіп қалған барлық жолаушыны есептейді. Кейде жолға ақшасы жетпейтін қарттар отырады.
Айтуларынша, құрылғы мен басшылық мұндай адами факторды мүлде қабылдамайды. Түсіп қалған жолаушылар мен басқаларының ақшасын жүргізушілерге төлеуге міндеттеген.
"Мұндай жағдайлар ойластырылмаған. Біз үйден таңғы төртте шығып, кешкі тоғызға дейін жұмыс істейміз. Жұмыс ауыр, ал бізді ойлап тұрған адам жоқ", – дейді кондуктор Нұргүл Есенбаева.
Әріптестерінің айтуынша, басшылық талаптарға келіспейтіндер, жұмыстан шыға берсін деген хабарлама жіберген.
"24-і күні жұмыста болдым, жолаушылардың бірі маған 80 теңге берді, біреу 40. Бір әже картамдағы ақшасы таусылғанын айтты, соңғы 40 теңгені берді, мен алдым. Бұл камераға түсіп қалған. Содан мені кеңсеге шақырды. Қыркүйек айынан бастап түскі асқа кассирден 2000 теңге алғанымды айттым. Олар мені санап, 200 мың теңгені қайтарып бер деді. Ай сайын айлығымнан 20 мың теңге ұстап тұруға қолхат жаздым", – дейді Жұмабек Ықсанов.