Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Президенттері Қырғыз Республикасындағы оқиға туралы бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
"Біз ғасырлар бойы ажырамас достық, тату көршілік байланыстары мығым, мәдени және рухани құндылықтары ортақ жақын көрші елдер ретінде Қырғызстан халқын осы қиын күндерде парасаттылық танытуға, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қайта қалпына келтіруге шақырамыз", – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Қырғызстанның барлық саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін қажетті күш-жігерін біріктіріп, туындаған мәселелерді Конституция мен ұлттық заңнаманы сақтай отырып шешетініне үміт білдірген.