Орталық Азия Ресейден келетін ақша аударымдарының азаюынан зардап шегуі мүмкін

577

Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сәйкес, Ресейге салынған санкция Орталық Азияға да әсерін тигізеді.  

Орталық Азия Ресейден келетін ақша аударымдарының азаюынан зардап шегуі мүмкін

Әсіресе, бұл ақша аударымдарының негізгі көзі Ресей болып есептелетін елдерде байқалмақ, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Әсіресе Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанға Ресейден ақша аударымдары көп жасалады. Сол себепті де бұл оларды Ресей экономикасындағы өзгерістерге тәуелді етеді.

Мысалы, Тәжікстан мен Қырғызстан мигранттарға ең тәуелді елдердің бестігіне кіреді. Мигранттардың басым көпшілігі Ресейге маусымдық жұмыс істеуге барады. Тәжікстанда ақша аударымдарының үлесі ЖІӨ-нің 35%-ын, Қырғызстанда 33%-ды, ал Өзбекстанда 13%-ды құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш 0,2%-ға тең. Дүниежүзілік банк бұл зерттеуінде Түркіменстан бойынша деректерді келтірмеді.

2022 жылы Дүниежүзілік банк ақша аударымдарының өсу болжамын екі рет бағалап, біріншісінде барлық төрт елде Ресейден ақша аударымдарының ұлғаюы күтіледі деп келтірген болатын. Соның ішінде  Қазақстанда 7% болады деп көрсетілген.

Бірақ ұйым Ресей мен Украина арасындағы шиеленістен соң ақша аударымдарының өсу болжамын қайта бағалауға мәжбүр болды. Банк 2022 жылы ақша аударымдарының күрт төмендеуін болжап отыр.

Мысалы, 2021 жылы Қырғызстанға ақша аударымдарының 82%-ы Ресейден келген. Биылғы болжам бойынша ол көрсеткіш 32%-ға төмендемек. Тәжікстанда ақша аударымдарының құлдырауы 22% болуы мүмкін. Ал, Өзбекстан бойынша 21%-ға төмендейді деп болжанып отыр.

Дүниежүзілік Банктің болжамына сәйкес, Қазақстанда Ресейден жіберілетін ақша аударымдары 19%-ға азаяды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу