Орталық Азиядағы алғашқы онлайн ғылым фестивальге Нобель сыйлығының иегерлері қатысады

1180

Нобель сыйлығының 6 лауреаты симпозиумға қатысатынын растады.

Орталық Азиядағы алғашқы онлайн ғылым фестивальге Нобель сыйлығының иегерлері қатысады

2020 жылдың 1-4 қазанында Нобель сыйлығы иегерлерінің қатысуымен Central Asia Nobel Fest Live атты Орталық Азиядағы алғашқы онлайн ғылым фестивалі өтетін болады, деп хабарлады IDF.

Central Asia Nobel Fest Live бұл – Нобель сыйлығының лауреаттары мен көрнекті ғалымдардың қатысуымен Орталық Азия мен Кавказдың әр түрлі елдерінде жыл сайын өтетін бірқатар ғылыми симпозиумдар мен фестивальдер арасындағы ең алғашқы іс-шара. Осы жоба Нобель сыйлығының лауреаттарымен, көрнекті ғалымдармен және сарапшылармен білім мен тәжірибе алмасудың алдыңғы қатарлы онлайн алаңын құруға, және ғалымдардың жас буынын жаңа ашуларға мен жетістіктерге шабыттандыруға бағытталған.

Фестивальдің кілт мәселесі – Шексіз ғылым: Әлем қайда бара жатыр?

Central Asia Nobel Fest Live негізгі төрт бағыттағы жаһандық трендтерді талқылауға арналатын болады: адам капиталының болашағы; әлемді өзгертетін технологиялар; медицина мен ғылымдағы жаңа қырлар; инклюзивті экономика және тұрақты даму.

Нобель сыйлығының 6 лауреаты симпозиумға қатысатынын растады: физика саласында – Дэвид Гросс, химия саласында – Джон Полани мен Жан-Мари Лен, медицина және физиология саласында – Ричард Робертс және Бейбітшілік сыйлығының лауреаттары - Кайлаш Сатьяртхи мен Рае Квон Чунг.

Сондай-ақ, "Ғылыми Оскар" – өмір туралы ғылым саласындағы Breakthrough Prize иегері – Дон Кливлендтің, медицина саласындағы ең беделді Ласкер сыйлығының иегері – Майкл Шитцтің, әлемге әйгілі кибернетик, "капитан киборг" Кевин Уорвиктің, аты аңызға айналған криптограф, Уитфилд Диффинің, сонымен қатар көрнекті экономист, Дүниежүзілік банктің бұрынғы вице-президенті Йоханнес Линнің қатысуы расталды.

Нобель апталығы Қазақстан мен Орта Азиядағы ғылым мен білімнің дамуы үшін адамдарды, мекемелерді мен бизнесті біріктіретін нәтижелі желілік алаңға айналатын болады.

Орталық Азиядағы алғашқы Нобель симпозиумының ұйымдастырушысы – Инклюзивті даму қоры (IDF). Оның мақсаты – қоғамның маңызды мәселелеріне қатысты инклюзивті саясатты дамытуға бағытталған ашық диалогты ілгерілету. Фестивальдің серіктестері – "Астана" халықаралық қаржы орталығының үздіксіз кәсіби даму бюросы және Redbrick заң фирмасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу