Өскеменде 14 жастағы бала терезеден құлап кетті

259

 Бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Өскеменде 14 жастағы бала терезеден құлап кетті Фото: pexels.com

14 жастағы бала көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті. Оқиға Назарбаев даңғылында болған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Altaynews.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, зардап шеккен жеткіншекті жедел жәрдем "Ана мен бала орталығына" жеткізген.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жарақаты ауыр. Қазір ол жансақтау бөлімінде.

Полиция әзірше бұл жағдайға қатысты ақпарат бермеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу