ШҚО орталығында ТҚЖБ салымшыларына пәтер берілді. Бұл туралы өңір әкімі хабарлады.
"Жаңа жыл қарсаңында облыс орталығындағы 52 отбасыға жаңа шағын аудандағы жаңа үйден пәтер кілттерін табыс еттім. Олардың бәрі "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ипотека алған Тұрғын үй жинақ банкінің салымшылары. Барлығыңызға ең бастысы зор денсаулық пен игілік тілеймін. Жаңа үй тек бақыт пен молшылыққа, қуаныш пен сәбидің күлкісіне толсын!",– деп жазды әкім фейсбуктегі парақшасында.
Жалпы биыл облыста "Нұрлы жер" бойынша 439 пәтерлі 4 үй бой көтеріп, қолданысқа берілген. Келер жылы тағы 9 баспана салу жоспары тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу