Өскемендегі орман ішінде "адам" асылып тұр

1081

Аталған жағдай қала шетіндегі Лесхоз ауылында болған.

Өскемендегі орман ішінде "адам" асылып тұр

Өскеменнің іргесіндегі орманның ішіне белгісіз біреулер ағаштарға қансыраған адам бейнелерін іліп кеткен.

Үрейленген тұрғындар дереу мәселені құзырлы органдарға хабарлаған.

Аталған жағдай қала шетіндегі Лесхоз ауылында болған. Әлеуметтік желілерде таралған суретке қатысты өскемендіктер түрлі жазбалар қалдырған. Біреу саусақ іздерін алып, жауапқа тарту керек десе, біреу есі ауысқандар есірді деп жазып, тағы біреуі адамды дарға асып кеткен екен деп ойлаған. Әзілге айналдырған кейбірі "Саңырауқұлақ теруге келгендер бақталастарын қорқыту үшін осылай істеген" деп жазып жатты.

Фотосуретке қарасақ, ақ матадан және түрлі киімдердің ішін шөп-шалаңмен толтырған сыңайлы. Кейін ағашқа іліп, қансыраған адам бейнесін жасаған. Осы мәселе бойынша Полиция департаментіне хабарластық.

– Аталған факті бойынша 20 тамызда Өскемен қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының "102" арнасына Лесхоз маңындағы алдыңғы бақшадағы ағаштарда тұлыптардың тұрғаны туралы хабарлама түскенін хабарлаймыз. Дерек Ертіс полиция бөлімінде тіркелді. Тексеру кезінде полиция қызметкерлері көрсетілген аумақтан тұлыптарды таппаған. Қазіргі уақытта "квест" қызметтерін ұйымдастыратын ұйымдар, сондай-ақ Лесхоз ауданының тұрғындарынан жауап алынып, тексеру жүргізілуде, – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Таунар Қайратұлы

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу