Өскемендік полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерінің тәртібін қадағалайды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Полиция қызметкерлері 15-17 қаңтар аралығында "Автобус" жедел алдын алу шарасын өткізбек.
"Тәртіп сақшылары жол ережелерінің қатаң сақталуын бақылап, қоғамдық көліктердің техникалық ақуалы мен тиісті құжаттарын тексереді", – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Полицияның деректеріне сәйкес, жыл басталысымен қаладағы қоғамдық көліктер 7 мәрте жол-көлік оқиғасына тап болған. Соның салдарынан бір адам қаза туып, екі адам зардап шекті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу