Өскеменге соңғы қырық жыл ішінде алғаш рет жаңа трамвайлар әкелінді

577

Өскемендегі трамвай паркі 30 жылға жуық жекенің қолында болды. 

Өскеменге соңғы қырық жыл ішінде алғаш рет жаңа трамвайлар әкелінді Фото: Мадина Амангелдіқызы

Өскемендегі трамвай паркі алғаш рет жаңа 4 вагонмен толықты. Әрқайсының бағасы 200 миллион теңге. Беларус елінде жасалған.

Толық заманауи үлгіде жабдықталған қоғамдық көлік енді қаладағы жолаушыларды тасымалдайды. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- Өскемен қаласы сіздер білесіздер, трамвай желісі бар үш қаланың біреуі. Осы трамвай транспортын дамыту үшін бізде кешенді жоспар құрылған болатын. Сол жоспар бойынша трамвай жүретін рельсті жөндеуді қолға алдық. Одан кейін жаңа трамвайларды әкелдік. Біздің Өскемен қаласының 30% жолаушылары осы трамваймен жүреді. Осы сұранысты қанағаттандыру үшін біз трамвай желісін ары қарай дамытуымыз керек, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Айта кетейік, Өскемендегі трамвай паркі 30 жылға жуық жекенің қолында болды. Тіпті соңғы 15 жылда бірнеше рет сатылған. Вагондар мен рельстер және электр жүйесі де бірде-бір рет жаңартылмаған. Тек 2 жыл бұрын сот шешімімен мемлекетке қайтарылды.

Осыдан соң паркті қайта жаңғырту жұмысы басталды. Қазір қаладағы 32 шақырым болатын трамвай рельсінің 70 пайызы тозып тұр. Былтырдан бері ескі рельстің 3 шақырымы жаңартылды. Парктегі 60-қа жуық трамвайдың тең жартысы ғана жүруге жарамды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу