Бұл құжат саланың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындау үшін әзірленген, деп хабарлайды 24.kz.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, бұл заң жобасында бірқатар маңызды мәселе шешімін тапқан. Мәселен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылады. Ол отандық туындыларды қаржылай қолдаумен айналысады. Сондай-ақ құжатта шетелдік фильмдерді қазақ тіліне аудару мәселесі де қарастырылған.
"Бүгінгі күні қолданыстағы "Мәдениет туралы" заңдағы қарастырылған фильмдерді қазақ тіліне міндетті түрде дубляждауға қатысты бабы жұмыс істемейтіні белгілі. Елімізге 300-ге жуық шетелдік фильм әкелінеді. Іс жүзінде олардың көбісі қазақ тіліндегі нұсқасыз жүргізіледі. Осыған орай, қазақ тіліне аударудың 3 нұсқасы ұсынылды. Бұл – фильмдерді дубляждау немесе субтитрлеу, немесе кадрден тыс аударма", - дейді министр.