Отбасының әлеуметтік цифрлық картасы мен әлеуметтік ІD карта деген не?

2813

Әлеуметтік көмек көрсету саласы цифрлануда.

Отбасының әлеуметтік цифрлық картасы мен әлеуметтік ІD карта деген не?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отбасының цифрлық әлеуметтік картасы, әлеуметтік ID-карта жобаларын жүзеге асыруда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев бұл екі жобаның айырмашылығын түсіндіре кетті.

"Әлеуметтік салада бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі – отбасының әлеуметтік цифрлық картасы. Бұл карта еліміздің барлық тұрғындарын қамтиды. Яғни, 7 млн жанұяға қатысты. Жобаның мақсаты – халықтың өмірлік ахуалына мониторинг жүргізу және дағдарыс жағдайындағы отбасыларды жақсырақ өмір деңгейіне алып шығу. Осы карта негізінде 505 отбасыға көмек көрсетілді. Биыл отбасының әлеуметтік цифрлық картасын жетілдіре түсу қолға алынады", – дейді вице-министр.

Ал, әлеуметтік ІD карта жобасы былтырғы жылы Ақтөбе қаласында басталған. Биылдан бастап еліміздің барлық өңірлеріне тарату жоспарлануда. "Қазпошта" АҚ жобаның операторы ретінде белгіленген.

"Ал екінші жоба – әлеуметтік ІD карта. Бұл – жәрдемақылар мен төлемдер түсетін карта. Әлеуметтік ІD карта арқылы төлемдер де жасауға болады. Егер карта иесі жеңілдіктерді пайдаланатын санатқа жататын болса, ақша шотынан алынбайды, бірақ төлем жасалғаны туралы хабарлама келеді. Мысалы, көпбалалы отбасының балаларына қоғамдық көлікпен жүргенде, мектеп асханасында ыстық тамақ үшін ақы төлеген кезде немесе кейбір санатқа жататын азаматтар дәрі-дәрмек алғанда осындай қолайлы шара қарастырылған. Бүгінгі күні елімізде осындай 45 мың карта қолданысқа берілді. Жылдың соңына дейін осы жобаны бүкіл елге тарату көзделуде", – деді Нариман Мұқышев.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу