Өткен ғасырда салынған үйлер жер сілкінісіне шыдай ма?

463

Алматыда Кеңес одағы тұсында салынған панельді үйлер ең сенімді әрі жер сілкінісіне төзімді. Сарапшылар пікірі осындай.

Өткен ғасырда салынған үйлер жер сілкінісіне шыдай ма? Фото: Inbusiness.kz

Бірақ олар мұны көпқабатты үйлердің сол кезеңде бой көтергенімен байланыстырмайды. Сәулетшілер мәселе ғимараттар әртүрлі стандарттар бойынша салынғанында екенін айтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Құрылыс нормалары мен ережелері, архитектуралық бақылау, ғимараттар арасындағы қашықтық, мұның бәрі өткен ғасырдың 80-ші жылдарында қатаң сақталды. Осы мерзім құрылыс индустриясының дамыған кезеңі еді. Сәулетшілердің айтуынша, сол тұста салынған үйлер ең сенімді және жер сілкінісіне төзімді саналады. Оған қоса, барлық конструкциялар зауытта жасалған. Сондай-ақ, ол заманда құрылыс бірнеше кеңестен өтпей, басталмайтын, дейді білікті архитектор.

"Бізде күрделі құрылыс бойынша қалалық атқару комитеті болды. Сондай-ақ, архитектуралық бақылау және сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жұмыс істеді. Жай сөздермен емес, нақты сандармен нысанды қалай салу керектігі жазылған құжаттар мен ережелер бар. Сондықтан, мен нық сеніммен құрылыс сапалы болды деп айта аламын. Біз сол кезде құрылысты жобалағанда тектоникалық жарылымдарды айналып өтетін едік", - дейді сәулетші Сергей Глебов.

Дәл осындай қағидалар Алматы қаласының бас жоспарын жасау кезінде де қолданылған. Әсіресе, ғимараттар арасындағы қашықтықты сақтауға басты назар аударылды. Өйткені, жер сілкінісі салдарынан нысандар қираған жағдайда құтқарушылардың жүруіне мүмкіндік бар. Сонымен қатар, тектоникалық жарылымдар орнында тұрғын үйлер салуға қатаң тыйым салынды. Керісінше, мұндай аумақта спорт немесе сауда ғимараттары бой көтерген. 80-ші жылдардағы үйлерде тұрып жатқан алматылықтар жақында болған жер сілкінісі туралы мынандай пікір білдірді.

"Біз үйде болдық. Біздің үйдің іргетасы кірпіштен қаланғандықтан, өте сенімді",  "Мен аралыққа тұрамын. Менің үйім Кеңес одағы тұсында салынған. Тек есігімді ашып ғана қойдым", - дейді қала тұрғындары.

Мамандардың айтуынша, қала көшелері де бас жоспардан ауытқымай, ережелер бойынша қатаң түрде жобаланған. Мысалы, бір квартал кем дегенде бір гектар болды, дейді архитектор. Қазір Алматыда мұндай үлгідегі ғимараттар Алмалы және Медеу аудандарында орналасқан. Сәулетшілер сөзіне сенсек, бұл жүйенің құрылысы кеңестік дәуірге дейін басталған. Айта кетейік, "КСРО-дағы жаппай құрылыс" дәуірінде яғни 1970-1990 жылдар аралығында Алматыда 6 мыңнан аса көп қабатты үй салынған деген дерек бар.

"Кеңес заманында тығыздық ерекше сақталды. Орташа қабат саны, әсіресе ыңғайлы бес, жеті қабатты үйлер салынды. Қабаттардың саны - ең жақсы нәрсе, ал стандарттарда біз қабаттар санына шектеу қоюға тырыстық", - дейді Алматы қ. қала құрылысы кеңесінің мүшесі Айдын Ақбай.

Сәулетші Сергей Глебов кеңес үкіметі тұсында қандай да бір құрылысты бастау қиынның қиыны болатын, деп еске алады. Архитектордың айтуынша, кез келген жобада Алматының сейсмикалық ерекшеліктеріне мән берілгендіктен, бірқатар сараптама мен бақылаудан өту қажет болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу