Өзбекстанға нота жолданбайды – СІМ

1792

ҚР СІМ ресми өкілі А.Смадияров Түркістан облысындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Өзбекстанға нота жолданбайды – СІМ

Мақтаралда орын алған төтенше жағдай үшін Өзбекстанға нота жолданады. Бұл туралы Atameken Business-ке сұхбатында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов айтқан еді. Бірақ еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәселе өзара келісім мен халықаралық құжат нормалары аясында шешілетіндігін мәлемдеді.

ҚР СІМ 2 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтың телефон арқылы сөйлескенін, екі ел үкіметінің үйлесімді жұмыс атқаратыны туралы уағдаласқанын еске салады.

"Су басу салдарын бірлесіп жою бойынша үкімет пен шекаралас өңірлер басшыларының тығыз өзара іс-қимылын назарға ала отырып, өзбек тарапына ҚР Сыртқы істер министрлігінің нотасын жолдау мәселесі қарастырылмайды",– дейді Смадияров.

Сондай-ақ, түсініктемеде Түркістан облысының әкімінің өзбек тарапымен қажетті келіссөздер жүргізіп, оның қорытындылары туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында баяндағаны айтылған.

"Өздеріңізге мәлім, Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Ертең ол Түркістан облысы мен Өзбекстанға бірлескен іс-қимыл алгоритмін пысықтау үшін барады. Екі тараптың барлық байланыстары толықтай Мәңгілік достық және стратегиялық әріптестік туралы шарттардың және Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі Конвенцияның нормаларына сәйкес жүзеге асырылады",– дейді СІМ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу