Өзбекстаннан еліміздің өңірлеріне тұрақты автобус бағыттары ашылды

1290

"Ангрен-Алматы" бағытының билеті 120 мың сум болып белгіленді, ал "Шыршық-Алматы" бағытына билет бағасы – 100 мың сум, "Шыршық-Шымкент" бағытына жол ақысы – 35 мың сум.

Өзбекстаннан еліміздің өңірлеріне тұрақты автобус бағыттары ашылды

Өзбекстанның Транспорт министрлігі жанындағы "Uzavtotrans Service" компаниясы "Ангрен-Алматы", "Шыршық-Алматы", "Шыршық-Шымкент" бағыттарына тұрақты рейс ашты. Бұл туралы өзбекстандық БАҚ хабарлады.

"Ангрен-Алматы" бағытының билеті 120 мың сум болып белгіленді, ал "Шыршық-Алматы" бағытына билет бағасы – 100 мың сум. "Шыршық-Шымкент" бағытына жол ақысы – 35 мың сум.

Айта кетсек, бүгінде Ташкенттен  Түркістан, Қызылода, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына тұрақты түрде автобустар қатнасы жолға қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу