Өзгенің атынан несие алатын алаяқтар көбейді

1839

Ұлттық банк соңғы кезде алаяқтар жиі қолданатын схемаларды жариялап, халыққа абай болу қажеттігін ескертті.

Өзгенің атынан несие алатын алаяқтар көбейді

Басқа адамның атынан несие алатын алаяқтар оны негізінен жоғалған төлқұжаттар бойынша рәсімдеп, кредитті онлайн түрде беретін ұйымдардан алады. Сондықтан жеке бас куәлігі жоғалған жағдайда бірден полицияға өтініш беріп, ресми анықтама алу қажет. Сол жағдайда ғана банкке қарыз алмағаныңызы дәлелдей аласыз.

Мұнымен қоса, жоғалған құжат иесінің атына басқа телефон нөмірін тіркеп, соған жіберілген смс код арқылы да рәсімдеу жиілеп кеткен. Бұл ретте байланыс операторына хабарласып, өз атына қандай нөмірлер тіркелгенін анықтаған артық етпейді. Одан бөлек, телефон арқылы хабарласып, түрлі сұрақтар қойып, "ия", "келісемін" деген жауап алғысы келетіндерге күдікпен қараған дұрыс. Ол да несие алу үшін  пайдаланылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу