Пантеонда орын жоқ! Шенділерді қайда жерлейміз?

345

Жыл сайын Астанадағы ұлттық пантеонды абаттандырып, таза ұстауға бюджеттен114 миллион теңге бөлінеді.

Пантеонда орын жоқ! Шенділерді қайда жерлейміз? Фото: Ашық дереккөзден

Ал қарапайым аудандардағы зираттарды бірқалыпта сақтау үшін де сіз бен біздің ақшамыздан миллиондар жұмсалады. Алайда, Астана қаласы маңындағы молалар тазаланбайды. Мұны Мәслихат депутаттары айтты. Сонда қыруар қаражат қайда кетіп жатыр?

"Менің ойымша, мемлекет ең әуелітірі адамдардың жағдайын жасау керек. Пантеон бюджет қаражатынанқаржыландырылатын жер емес. Өйткені ол жерде жататын адамдардың өзгелерден ешайырмашылығы жоқ. Ата заң алдында бәрі тең", - деді саясаткер Зәуреш Батталова.

Ал Мәслихат депутаттары бұлай санамайтын сияқты. Қыстың көзі қырауда алда-жалда бір ұлы тұлғамыздан айырылып қалсақ, не боламыз деп шарқ ұруда. Өйткені Астанадағы ұлттық пантеонда 4-ақ орын қалған. Енді тамызда сол жерге барып, қысқа дейін аумағын кеңейтіп орын дайындамақ. Оған әрине тағы халық ақшасы жұмсалады. 

"4-ақ орын қалды, әріптестер. Ертең қысты күні қоғамдық, мемлекеттік қайраткер өліп қалып жатса, Құдай салмасын, бәріміз қырыламыз, мына жерде орын таппай. Ұят нәрсе", - дейді Астана қаласы мәслихатының депутаты Ерлан Қаналиев.

Ал Астанада тек пантеонда ғана емес, жай зираттардың өзінде орын тапшы екен. Тіпті, жабылып та қалған. Сондықтан бірер жыл бұрын Астана мен Алматыда крематорий салу мәселесі де көтерілді. Бірнеше рет салынып жатыр дегенде сыбыс та тарады. Әзірге іске қосылғаны жоқ. Ал салт-жоралғы орталықтары сондай ұсыныс түссе, адамның денесін арнайы Ресейге апарып крематорийда өртейді. Оған 1 миллион теңге алады екен. Көз жұмған туғанынан ақша аямайтындар "Өлі риза болмай, тірі байымас" деген ұстанымда, дейді ритуалды қызмет иесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу