Параға автокөлік алған шенеунік 7 жылға сотталды

1141

"Toyota camry" маркалы автокөлік 8,8 млн теңге тұрады.

Параға автокөлік алған шенеунік 7 жылға сотталды

Ұлттық тестілеу орталығы директорының бұрынғы орынбасары сыбайлас жемқорлыққа барғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрын ҚР БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Д.С.Жақсыбековке қатысты сыбайлас жемқорлықпен айналысты деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Д.С. Жақсыбеков "ProBusineSS.kz" ЖШС директоры С.А.Панкеевтен құны 8,8 млн теңге болатын "Toyota camry" маркалы автокөлігін пара ретінде алды деген күдікке ілінген, аймақтарда аталған ЖШС-нің ҰБТ өткізу кезінде қызмет көрсету бойынша мүддесін қорғаған", – деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

2019 жылдың 9 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 соты Д.С.Жақсыбековті кінәлі деп тауып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Ол сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу