Парламент үш жылдық республикалық бюджетті қабылдады, деп хабарлайды Atameken Business
Одан бұрын жоғарғы палата депутаттары құжатқа қатысты ұсыныстар айтып, 44 түзету енгізген болатын. Нәтижесінде мемлекеттік қазынадан жұмсалатын қаражат көлемі 40,8 млрд теңгеге ұлғайтылды. Оның 17 млрд-тан астамы Шымкент Түркістан мен Жамбыл облыстарына газ тартуға бағытталмақ. Солтүстік, Қызылорда, Ақмола және Шығыс Қазақстан өңіріне су құбырын салуға 5,2 млрд теңге бөлінеді. Қалғаны Ұлттық гвардияда жөндеу жұмыстарын жүргізуге, Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығын атап өтуге, тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына және тағыда басқа да шараларға жұмсалады.