«Еуразиялық Экономикалық Одақ мүшелері - мемлекеттерінен жануарларды әкелу 2010 жылы Еуразиялық Одақта бектілген шешімге сәйкес жүзеге асырылады. Елімізде «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында 7 миллионнан 15 миллионға дейін ірі қара мал әкелу жоспарланып отыр. Бағдарлама бойынша қаржыландыру ұзақ мерзімге - 15 жылға дейін қарастырылған. Жылдық пайызы төмен - 4 пайызға дейін. 2019 жылы Павлодар облысына 3314 бас ірі қара сатып алынды. Оның ішінде 1935 бас - Ресей Федерациясынан, 289 бас - Чех Республикасынан, 90 бас - Эстониядан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 742 басқа артық», - дейді ол.
Спикердің айтуынша, асыл тұқымды малдар аймақта барлығы 33 шаруа қожалығына әкелінген және олардың барлығында карантиндік шаралар аяқталған. Бүгінгі таңда үшеуінде жалғасуда. Ауыл шаруашылығы жануарларын әкелуді жоспарлау кезінде шаруашылық басшылары экспорттаушы шаруашылықтар Кеден одағы кәсіпорындарының тізіліміне кіруі тиіс екенін ескеруі тиіс. Қызметтің негізгі бағыттарының бірі - тасымалданатын ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін бақылау, Қазақстанның жақын маңдағы облыстары мен Ресей Федерациясының шектес аумақтарынан инфекцияның әкелінуіне жол бермеу.
«Жылдың соңына дейін тағы 7 мыңдай ірі қара мал әкелу жоспарланып отыр. Карантиндік шаралар жіберуші және қабылдаушы жақта мал иелерінің есебінен жүзеге асырылады. Карантиндік шаралар аяқталып, тізімге қойғаннан кейін зерттеу мемлекеттік тапсырыс есебінен жүргізіледі» - дейді Рашид Нұрбеков.