700 гектар жер сот арқылы алынды

2365

Павлодар облысында бос тұрған жер пайдаланушылардан алынып, мемлекет меншігіне қайтарылады.

700 гектар жер сот арқылы алынды

Бұл жер қатынастары басқармасының қала және аудан әкімдермен меморандум аясындағы жұмыстардың бір тармағы. Нәтижесінде мемлекет ауыл шараушылығына арналған жер учаскелерін ұсынуға байқау өткізеді.

2019 жылдың тамыз айының соңына Павлодар облысында 33 конкурс өткізілді, нәтижесінде жалпы ауданы 434 мың га болатын 514 учаске қойылды. Бұл биылғы жылға жоспарланған көлемнің 86,8%-ын құрайды. Бұл көлемдегі 107 мың га - егістік, 314 мың га - жайылым.

2017 жылы Павлодар облысы тыңайған жерлердің саны бойынша республикада бірінші орын алды. 2019 жылы олардың ауданы 269,4 мың га болды. Осы көлемнің үштен екі бөлігі көпжылдық тыңайтуға жатады. Сонымен бірге Железин, Ақтоғай және Ертіс аудандарында жалпы алаңы 71,1 мың га болатын ең құнарлы массивтердің бірі кепілде. Сонымен қатар 3 мың гектарға жуық жер иесіз мүлік ретінде тіркелген.

"Егер жоспарлаған 171 мың гектарға дейн азайтсақ, онда Қазақстан Республикасының алғашқы бес аймағынан төмен түсеміз", - дейді Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының бастығы Руслан Даутбаев.

Сондықтан соңғы жылдары пайдаланылмай жатқан жерлерге көп көңіл бөлінді. Бос тұрған жер пайдаланушылардан алынып, мемлекет меншігіне қайтарылады.

Тамыздың аяғында 31 мың га алынды - 18,1 мың га ерікті түрде бас тартылғандықтан қайтарылды, 12,2 мың га - жалдау шарттарын біржақты бұзу кезінде, ал 700 га жер сот арқылы алынды.

Жалпы Павлодар облысында 11,16 млн га ауыл шаруашылығы алқаптары бар. Оның басым бөлігі - 8,28 млн гектар - жайылымдар. Қалған бөлігі - егістік, тыңайған жерлер және шабындық жерлер.

Руслан Логинов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу