Облыс елдімекендеріндегі рұқсат етілмеген үйінділер тазартылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте сөйлеген өңір басшысының орынбасары Асайын Байханов заңсыз қоқыс тастау орындары екі апта ішінде түгелдей дерлік жойылғанын хабарлады.
"Барлық заңсыз үйінділер, оның ішінде аудандарда да жойылды. Ақтоғай ауданында жұмыс әлі аяқталған жоқ. Оған қоса Павлодарда үш орын қалды", – деді ол.
Анық болғандай, екі апта ішінде 236 үйінді жойылды. Енді 17 заңсыз қоқыс тастау орнын жабу қажет.
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қала мен аудан әкімдеріне аталған жұмысты 10 тамызға дейін аяқтауды тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу