Павлодарда биыл жазда шыбын-шіркеймен "күресуге" 600 миллионға жуық теңге бөлінді

1031

Павлодарда биыл жазда шыбын-шіркеймен "күресуге" 600 миллионға жуық теңге бөлінді

Павлодарда биыл жазда шыбын-шіркеймен "күресу"  үшін 600 миллионға жуық теңге бөлінген. Қазір осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу үшін конкурс жарияланған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық энергетик және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, 2017 жылғы шыбын-шіркеймен күрес жұмыстарына 595 млн. теңге бөлінген. Бұл қаражаттың негізгі бөлігі яғни, 516 миллионы биологиялық және химиялық препараттарды сатып алуға жұмсалмақ. 69 млн теңге дезинсекциялау қызметіне және 10 млн теңге ғылыми тұрғыда сүйемелдеу жұмыстарына бағытталмақ.

Биыл бұл бағыттағы жұмыстар алдымен Ертіс өзенінің жағалауына, сонымен қатар, жағалауда орналасқан Ақтоғай, Железин, Ертіс, Қашыр, Лебяжі, Май, және Павлодар аудандарының аумағына жүргізіледі. Сондай-ақ, Павлодар, Екібастұз, ақсу қалаларындағы саябақтар мен скверлерді шыбын-шіркейден арылту жұмыстары жүргізіледі.

Еске салайық, өткен 2016 жылы шыбын-шіркейді өлтіру үшін облыстың үш қаласына 170 млн. теңге қаражат бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу