Павлодарда облыстық Іскер әйелдер форумы өтті

1538

Павлодарда облыстық Іскер әйелдер форумы өтті

Павлодар қаласында алғаш рет облыстық Іскер әйелдер форумы өткізілді. Шараға өңірлік бизнестің белсенді нәзік жанды өкілдері жиналды. Талқыланған басты тақырып – ел дамуындағы әйелдердің рөлі, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, бизнестегі әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру, деп хабарлайды palata.kz.

Форум жұмысына "Атамекен" Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова, Қазақстандағы Литваның Төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Наудужас, Литва Республикасы елшілігінің үшінші хатшысы Адомас Давалга, Литва Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директоры Ричардас Шлепавичюс, облыс әкімінің орынбасары Николай Дычко қатысты.       

Ләззат Рамазанованың айтуынша, өңірдегі әйел кәсіпкерлігі белсенді дамуда және де өткізіліп жатқан форум бизнестегі әйелдердің орнын одан әрі нығайтпақ.

"Қазіргі уақытта Павлодар облысы көптеген көрсеткіштер бойынша табысты өңірлердің бірі. Әйелдердің бизнесте деген ынталары, жан-тәнімен берілулері, өз ісіне деген махабаттары айқын көрініп тұр. Облыстың әйел кәсіпкерлерін әрі қарай да шабытты қызмет етуге, сондай-ақ, өз мәселелері мен ойлары жөнінде ашық айтуға шақырамын. Сіздерге қарап, бизнесін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлер жігерленіп, жетістіктерге жетуге тырысатын болады", – деп атап өтті ол өз сөзінде.

Осыған қоса, өңірлік бизнеске оң бағасын бере отырып, Ләззат Рамазанова "Павлодар өнімін насихаттауға талпыныс, тұтас елді өркендетуге ұмтылысқа тең" екенін келтірді.

Айта кетейік, 2015 жылдан бастап облыста Іскер әйелдер кеңесі қызмет етуде, оның құрамына өңірлік бизнестің әртүрлі салаларында қызмет ететін 20 әйел кәсіпкер кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу