Павлодарлық ұстаз мобильдi косымшаларды əзiрлеудің қазақ тiлiндегi нұсқасын ойлап тапты

1032

Павлодарлық ұстаз мобильдi косымшаларды əзiрлеудің қазақ тiлiндегi нұсқасын ойлап тапты

Павлодарда № 19 жалпы орта білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Алмас Серікбаев балаларға тəжірибелік жұмыстарды орындауды жеңілдетін мобильдік қосымшаның қазақ тіліндегі нұсқасын құрастырып шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

"Бұл жоба ұялы телефондар арқылы 3 D форматында түрлі логикалық тапсырмалар мен жаттығуларды орындауға мүмкіндік береді. Android-Delphi XE 5 бағдарламасы арқылы оқушылар суреттер мен сандарды қойғаннан кейін телефондарында орнатады. Андроид төрттен жоғары болуы керек. Сондай-ақ, түрлі аннимацияларды құрастырып, пішіндердің градустары мен бұрыштарын табуға болады. Бүгінде ұялы телефондарда 10 шақты жұмыс жасалды. Физика, математика, информатика және басқа да пәндер бойынша қолдануға болады", - дейді Алмас Серікбаев.

Ұстаздың айтуынша, мобильді қосымша ұстаздарға көрнекі құралдарды 3 D форматында көрсете отырып, оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятады. Бұдан басқа, ол оқушыларымен бірге жүк тасымалдайтын робот құрастырған.

Айта кетерлігі, Алмас Серікбаев жас программистер мен дербес компьютер пайдаланушыларының V республикалық "Алтын диск" байқауында "Жаңашыл ұстаз" аталымын жеңіп алған. "Дарынды балаларға – талантты ұстаз" халықаралық байқауының үшінші орын игері, республикалық "Үздік авторлық бағдарлама" байқауының жеңімпазы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу