Перу Премьер-Министрі Эктор Валер Пинто отставкаға кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz орталы ТАСС-қа сілтеме жасап.
2016 жылы БАҚ-та саясаткердің әйелі "ол маған және қызыма қол көтерді" деп күйеуін айыптаған. Бұл қоғамда қызу талқыланды. Осыған байланысты Эктор Валер Пинто отставкаға кеткен. Алайда ол бұл айыптауларды жоққа шығарады және бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтады.
"Мен Перу газеттерінен жеңілгенімді мойындаймын... Бұл ақпаратты шындық деп мәлімдегендерді сотқа беремін", – деді премьер-министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу