Петропавлда 500 жер үй сүріледі

1004

Қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін 54 гектар жер керек.

Петропавлда 500 жер үй сүріледі

Петропавлда  жүздеген жер үй сүріліп, орнына көпқабатты тұрғын үй салынады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты.

"Біз қазіргіден 1,7 есе көп баспана тұрғызуымыз керек. Жыл сайын 400 мың шаршы метр баспана салуымыз қажет. Ол үшін қала аумағындағы жеке сектордан 500 жер үйді сүру арқылы 54 гектардан астам жерді мемлекет мешігіне алуды жоспарлап отырмыз. Біз мұндай тәжрибені бірінші жыл қолданып отырған жоқпыз. Ол үшін тиімді тәсілді таңдап алдық. Петропавл шағын әрі қолайлы қала болуы керек деп ойлаймыз. Аумағы созылып кетсе, кейін инфрақұрылым тарту шығыны тарифтен көрініс табуы мүмкін. Одан да қаланың қазіргі аумағындағы ешқандай коммуникацияға жалғанбаған апаттық ескі баспаналарды сүріп тастап, орнына жаңа үйлер салу қажет. Біз қаланы осындай жолмен дамытамыз", – деді ол Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу