Петропавлда жаңа көтерме-тарату орталығы ашылды

630

Нысанның құрылысына 1,9 млрд теңге инвестиция тартылған. 

Петропавлда жаңа көтерме-тарату орталығы ашылды

Бұл Солтүстік Қазақстандағы азық-түлікті сақтап, іріктеп, сатуға арналған алғашқы кешен, деп хабарлады өңір әкімдігі. 

Көтерме-тарату орталығын салуға 1,9 млрд теңге инвестиция салынған. Кешенде 2 мың тоннаға шақталған жеміс-жидек сақтау және 10 мың тонна шамасында өзге де азық-түлік түрлерін сақтауға арналған қоймалар бар. Жаңа нысан 60 адамды жұмыспен қамтиды. 

Ғимараттың ішінде тауарларды ұзақ уақыт сақтау үшін жылу мен ауаның ылғалдылық деңгейі қадағаланады. 

Әкімдікте кешенің ашылуы бизнес иелері мен шаруалар үшін қолайлы жағдай туғызатынын айтады. 

"Жаңа орталықта эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары толық сақталған.  Бұл облыс аумағына кіргізілетін азық-түлік сапасын бақылау үшін де маңызды. Сонымен қатар КТО-ның ашылуы азық-түлік саудасындағы делдалдар мен алып сатарлардың жолын кеседі. Бұл тауар бағасына әсер етеді, бизнестің шығынын азайтады. Әрі салық есебі ашық жүргізіледі", — деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу