Петропавлда жаңа түзету орталығы пайдалануға берілді

948

Петропавлда жаңа түзету орталығы пайдалануға берілді

Петропавлда Тәуелсiздiк күнi қарсаңында мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған заманауи психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды, деп жазады strategy2050.kz.

Жаңа мекемеге Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Ерiк Сұлтанов барды.

Өңiр басшысы кабинеттердi аралап, орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысты.

"Мұнда барлық жағдай жасалды. Жаңа кабинет арқасында балаларға мамандандырылған психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетiледi. Орталық балалар үшiн жайлы болатынына сенемiн", — дедi облыс әкiмi.

Петропавлдағы мекеме Қазақстан бойынша ашылған жетiншi орталық. Орталық "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтiк жобаларды дамыту Қорының қолдауымен "Дара" Қайырымдылық Қоры ашып отыр.

Өз кезегiнде "Дара" Қайырымдылық Қорының жобалар басшысы Марал Шешембекова облыс басшылығы мен "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтiк жобаларды дамыту қорына ерекше қажеттiлiктерi балаларға арналған орталықтар желiсiн кеңейтуге қолдау көрсеткендерi үшiн алғысын бiлдiрдi.

"Барлық балалар қабiлеттi және лайықты бiлiм мен дамуға құқылы. Уақтылы және мамандандырылған кәсiби көмек кез келген баланың өмiрiн жақсарта түсуге, лайықты және жарқын болашағына мүмкiндiк бередi", — дедi Марал Шешембекова.

Жаңа орталықта әрбiр ерекше баламен кәсiби мамандардың тобы жұмыс iстейдi, олардың iшiнде педагог-психолог, дефектолог, логопед, сурдопедагог, емдеу дене шықытыру нұсқаушысы, музыкалық-ырғақтық дәрiстердiң ұстазы, емдеу массажының медбикесi бар. Бұдан басқа, ата-аналарға психологиялық қолдау мен кеңестiк көмек көрсетiледi.

Жыл сайын бұл орталық дамуында түрлi ауытқулары бар 100-ден астам балаға тегiн мамандандырылған және мамандандардың кешендi көмегiн ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу