Пластик өңдеу көрсеткіші тым төмен

1967

Былтыр 9 мың тонна пластик өңделді.  

Пластик өңдеу көрсеткіші тым төмен

Жыл сайын 500 млрд тонна полиэтилен пакет қоқысқа тасталады. Ал бір  минут сайын 1 млн пластик бөтелке сатып алынады. БҰҰ жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. 

Былтыр елімізде 4,3 млн тоннадан артық тұрмыстық қатты қалдық жиналған. Оның 480 мың тоннасы пластик болған. Бұл ақпаратты елорда да өткен жиында "Тұрақты дамуға жәрдемдесу" орталығының жобалар жөніндегі менеджері Юлия Душкина жариялады. 

Оның сөзінше, Қазақстанда пластик бөтелкелер мен пластик орамаларды қайта өңдеуге басымдық беріліп жатыр. 

"Өкінішке қарай, пластик бір рет қолданылғаннан кейін қоқысқа лақтырылады. Себебі халық пластиктің өте құнды шикізат екенін ескермейді. Біз пластиктен жасалған өнімдерді шикізат ретінде пайдаланып, бір емес, бірнеше рет қолдануды ұсынамыз. Осылай болғанда пластик қоршаған ортаға зиянны тигізбейді", – деді Юлия Душкина.

"Оператор РОП" ЖШС мәліметінше, 2016 жылы ел аумағынан 283 мың тонна пластик жиналған. 
"2017 жылы елімізде 6-ақ мың тонна пластик өңделді. Бұл жалпы көлемнің 2%-ы. Былтыр 9 мың тонна пластик екінші рет кәдеге жаратылды. Бұл жалпы көлемнің 3%-ы. Байқағандарыңыздай, көрсеткіш тым төмен", – деді "Тұрақты дамуға жәрдемдесу" орталығының жобалар жөніндегі менеджері.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу