Премьер-министр "Нұрлы жер" бағдарламасының жүзеге асырылу барысын тексерді

676

Премьер-министр "Нұрлы жер" бағдарламасының жүзеге асырылу барысын тексерді

Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлерді аралады, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Нысандарды аралау барысында Бақытжан Сағынтаев тұрғын үйлердің сапасын тексеріп, "Нұрлы Жер" бағдарламасын іске асыру бойынша әрі қарайғы жоспарлар туралы есепті тыңдады. Бұдан өзге премьер-министрге Орал қаласының ескі апатты үйлерін құлату бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары таныстырылды.

Өңірдегі алғашқы көппәтерлі үйлер үйқұрылысы комбинаты технологиясымен тұрғызылады. Оның артықшылығы – үйлер салыстырмалы түрде жылдамырақ тұрғызылады. Мысалы 72 пәтерлі үй 1,5-2 айда тұрғызылады. Сонымен қатар құрылыс жұмысына отандық материалдар, заманауи жабдықтар қолданылады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қазақстанның үшінші жаңғыруы атты халыққа жолдауында ел экономикасының толыққанды драйверіне айналуға тиісті құрылыс секторын дамыту туралы міндет қойды. Осы орайда үкімет құрылыс пен құрылыс материалдары өндірісін жаңа технология трансфертімен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

"Нұрлы Жер" тұрғын үй бағдарламасын іске асыру маңызды міндет – алдағы 15 жылда 1,5 млн отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетінің шешімін табуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу