Премьер-министр "Орал" әуежайының даму жоспарымен танысты

606

Премьер-министр "Орал" әуежайының даму жоспарымен танысты

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласындағы халықаралық әуежайдың жолаушылар терминалы мен қауіпсіздік жүйесінің жұмысымен, сонымен қатар әуежайды қайта жөндеу жұмысының жоспарымен танысты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Орал қаласының халықаралық әуежайы 1972 жылы пайдалануға берілген. Әуежай сағатына 200 жолаушыны, терминал 100 жолаушыны өткізеді. Әуежай кешені қажетті арнайы техникамен және ұшаққа, жолаушыларға қызмет көрсету мен ұшып-қону жолағын, перронды жарамды күйде ұстау үшін қызмет көрсететін мамандармен қамтамасыз етілген.

Бұған дейін 2014-2015 жылдары әуежайдың жасанды ұшып-қону жолағы қайта жөнделген.

Айта кетейік, Орал әуежайы ел ішіндегі әрі халықаралық рейстерді орындауда әуе қатынастарында маңызды көлік-логистикалық мәнге ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу