Президент: Қазақстан QazVac өндірісін арттырып, оны экспортқа шығаруға дайын

879

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы QazVac вакцинасын төтенше жағдай кезінде пайдалануға кеңес берілетін медикаменттердің тізіміне енгізу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент: Қазақстан QazVac өндірісін арттырып, оны экспортқа шығаруға дайын

"Қазақстан – өзінің ғылыми әлеуетінің арқасында коронавирусқа қарсы вакцинаны өндіріп, шығарған санаулы мемлекеттердің бірі. Өткен аптада ғана мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездестім. Бұл ұйым QazVac вакцинасын төтенше жағдай кезінде пайдалануға кеңес берілетін медикаменттердің тізіміне енгізу мәселесін қарайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші жалпы отырысында.

Президент сонымен бірге шетелдік инвесторлардың алдында QazVac вакцинасының өндірісін арттырып, оны экспортқа шығаруға Қазақстан дайын екенін хабардар етті.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу