Президент "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заңға қол қойды

948

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заңға қол қойды

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды",- деп жазылған хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетсек, осы Заңның қабылдануымен Қазақстанда тек бір рет қана сайлана алу құқығымен президенттік мерзім жеті жыл болып белгіленді. Бұған дейін президенттік мандат мерзімі бес жыл болған еді және мемлекет басшысы қатарынан екі рет сайлана алатын. Бұдан басқа, осы түзетулермен республика Конституциясына елорданың бұрынғы атауы қайтарылады.

Еске сала кетсек, Конституциялық Кеңес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" ҚР Заңының жобасын Конституцияның 91-бабының 2-тармағына сәйкестігін тексеру жөніндегі өтініші бойынша шешім қабылдаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу