Qazaq Air 9 қыркүйектен бастап Алматы–Қызылорда бағытындағы рейстерді жүзеге асырады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндеріне белгіленген. Билеттің құны 15 мыңнан басталады.
Qazaq Air – өңірлік маршруттарды жүзе асыру үшін құрылған компания. Оның акцияларының 100%-ы "Самұрық–Қазына" мемлекттік қорына тиесілі. Әуе флоты De Havillan Dash–8–Q400NG деп аталатын бес ұшақтан тұрады, олардың қолданысқа енгізілгеніне шамамен үш жылдай болған.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу