QazaqGaz ұлттық компаниясының шығыны 587 млрд теңге болды

964

Бүгінгі таңда QazaqGaz ұлттық компаниясы қызметінің тиімділігі мен ашықтығына қатысты мәселе бар. Компания шығыны кейінгі жеті жылда 587 млрд теңге болған. Бұл туралы сенатта өткен үкімет сағатында депутат Ерік Сұлтанов айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

QazaqGaz ұлттық компаниясының шығыны 587 млрд теңге болды

"Компания тек тариф төмен болған соң ғана шығынға батқан жоқ, қолданыстағы басқару моделінің жетілмегендігі де әсер етті. Сондықтан мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілетін "QazaqGaz" аудитінің нәтижелерін ескере отырып, газ нарығын басқарудың неғұрлым ықшам моделін құру жөнінде шаралар қабылдау қажет", – дейді сенатор.

Атап айтқанда, "Qazaqgaz" және оның "Интергаз Орталық Азия" АҚ, "ҚазТрансГазАймақ" сияқты еншілес кәсіпорындарының функцияларын қайта қарау керек, олардың қызметіне қатысты да көптеген сұрақ туындайды.

"Мысалы, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша QazaqGaz басым құқық шеңберінде сатып алатын тауарлық газдың 90 пайызын "ҚазТрансГазАймақ" АҚ іске асырады, ол өз кезегінде жұмыс көлемінің 70 пайызынан астамын сыртқы ұйымдарға аутсорсингке берді. Бұдан басқа, тарату желілерін салу кезінде "ҚазТрансГазАймақ" АҚ жұмыс көлемінің 70 пайызын бүгінде нарықта істемейтін бір компанияға берді, енді бұл жұмыстарды "ҚазТрансГазАймақ" АҚ өзі орындайтын болып отыр. Сондықтан бәсекелес ортаның болуы және QazaqGaz, "ҚазТрансГазАймақ" сатып алуларына бөгде ұйымдардың тең қолжетімділігі туралы айтудың қажеті жоқ. Сондықтан аталған фактілер оларды тез арада шешу бойынша шаралар қабылдауды талап етеді деп есептейміз", – деп атап өтті Ерік Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу