Бүкіләлемдік регби федерациясы (World Rugby) Дубай мен Кейптаундағы "World Rugby Sevens Series" турнирін коронавирус індетіне байланысты өткізбейтін болды, деп хабарлайды olympic.kz.
2021 жылғы маусымашар серияның өтпейтінін әлемдік ұйым ресми түрде растады.
Дубайдағы бәсеке 26-28 қарашада, ал Кейптаундағы бәсеке бір аптадан соң өтуге тиіс болатын. Екі турнирде де ерлер мен әйелдер додасы қатар ұйымдастырылмақ болған. Жарыстың тоқтатылуына COVID-19 індетіне байланысты әлемдегі ахуалдың жақсармауы себеп.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу