Ресей ЕАЭО елдеріне астық экспорттауға тыйым салмақ

2962

Бұған Қазақстан қарсы. 

Ресей ЕАЭО елдеріне астық экспорттауға тыйым салмақ

Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерге астық экспорттауға тыйым салмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биыл 20 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) отырысы өтті, онда Ресей ЕЭК-тің барлық мүшесіне үшінші елдерге астық экспортына квота мен баж салығын енгізуді талап еткен.

"Коммерсантъ" басылымының мәліметінше, 2022 жылы Ресей Федерациясы бидайдан рекордтық мол өнім алады. Осыған қарамастан Ресей достас елдер (ЕАЭО) деңгейінде астық экспортын бақылауға алуға тырысып жатыр.

Ресей ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттен астық экспорттауға квота мен баж салығын енгізуді сұрайды. Сондай-ақ РФ 30 маусымға дейін ЕАЭО-ға астық жеткізуге қолданылатын шектеулерді ұзартуды жоспарлап отыр. РФ Ауыл шаруашылығы министрлігі ЕАЭО арқылы Ресей астығының кері экспортынан қауіптенетіндіктен осындай шешім қабылдаған.

Қазақстан бұған қарсы. Себебі, ол шетелге жеткізілетін өнім көлемін арттырмақ. 

"Биыл көктемде Қазақстан Сібірден бидайды сатып алуды жандандырып жатқан кезде Ресей 30 маусымға дейін ЕАЭО елдеріне астық әкетуге тыйым салды. Бұл Қазақстанның наразылығын тудырып, оған жауап ретінде Қазақстан бидай мен ұн экспортына квота енгізді", - деді "Коммерсантъ" басылымына дереккөз.

"Ъ" басылымы дереккөзге сілтіме жасап, ЕЭК кеңесінде Ресей арпа мен жүгерінің экспортына квотаның, сондай-ақ әкету бажының болмауына байланысты Қазақстан қабылдаған шаралардың жеткіліксіз екенін хабарлады. Нәтижесінде қос елдің ішкі бағалары арасында айтарлықтай айырмашылық пайда болған.

Қазір Сібір бидайы қосымша құн салығын қосқанда 1 тоннасы орта есеппен 18 мың рубльға сатылып жатыр, бұл қазақстандық бидайға қарағанда 5 мың рубльге арзан.

Биыл жазда ЕАЭО елдері бидай, арпа, күнбағыс жүгерісі және басқа да бірқатар тауардың экспортын шектеуді жоспарлаған. Алайда бұл жоспар жүзеге асқан жоқ.

Бүгінде бидай экспорттауға толық тыйым салған жалғыз мемлекет – Беларусь. Оған Армения мен Қырғызстан қосылуы мүмкін. Алайда Қазақстан баж салығын енгізуден бас тартып отыр. Өйткені бұл жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің халықаралық міндеттемелерді орындау мүмкіндігіне ықпалын тигізуі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу