Ресей газ құбырын Еуропаға қайта ашпайтынын айтты

712

Ресейдің энергетикалық алыбы "Газпром" "Северный поток-1" газ құбырын қайта ашпайтынын мәлімдеді. 

Ресей газ құбырын Еуропаға қайта ашпайтынын айтты

Нәтижесінде, Еуропа елдері қыста қатты энергия тапшылығына тап болмақ, ал қалған әлем бағаның өсуіне дайындалуда.

Газпром сәрсенбі күні Ресей мен Германияны байланыстыратын құбырды үш күнге жауып тастаған болатын. Бірақ жеті индустриалды дамыған елдер тобы Ресей мұнайының бағасын шектейтіндерін жариялағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, компания компрессорлық станцияда мұнай ағып жатқанын және құбыр қайта ашылмайтынын мәлімдеді.

Өткен айда Германия мұндай үзілістерді Кремльдің  саяси қадамы деп атады, өйткені Еуропалық Одақ Украинадағы соғысқа жауап ретінде Ресейге бұрын-соңды болмаған санкциялар салды.

Дүйсенбіде базарлар ашылған кезде газ бағасының күрт өсуі  күтілуде. Егер құбыр тұрақты түрде ажыратылып отыратын болса  Еуропа мен бүкіл әлемді айтарлықтай экономикалық зардаптар күтіп тұр.

"Егер газ жеткізу азаятын болса, сіз басқа газ көзін іздеуіңіз керек. Өкінішке қарай, қазір газды алмастыратын Инфрақұрылым жеткіліксіз", – деді Рут Ляо, ICIS-те сұйытылған табиғи газбен айналысатын тауарлық-материалдық зерттеу фирмасы.

Жақын арада табиғи газға тәуелді Еуропадағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар тоқтап қалуы мүмкін. Өйткені қолжетімді отын үйлерде жылуды сақтауға ғана бағытталған.

Ляоның айтуынша, оның салдары Еуропадан тыс жерде байқалуы мүмкін, өйткені жанармайдың жетіспеушілігі бүкіл әлемде бағаның өсуіне әкеліп соғады, Оңтүстік Америка мен Азиядағы зауыттарға қаржылық ауыртпалық тудырады.

Еуропалық көшбасшылар бұл Ресейдің әдейі жасап отырғаны деп санайды.

"Газпромның бұл қадамы таңқаларлық емес", – деп жазды Еуропалық Кеңестің президенті Чарльз Мишель. "Газды қару ретінде пайдалану ЕО шешімін өзгертпейді. Біз энергетикалық тәуелсіздікке апаратын жолымызды жеделдетеміз. Біздің міндетіміз азаматтарымызды қорғау және Украина бостандығын сақтау".

Дина Әділ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу