Ресей, Қазақстан және Өзбекстанның "Газ одағынан" Түркіменстан қауіптеніп отыр

555

Себебі "Түркіменстан-Қытай" құбыры арқылы ең ірі жеткізуші - Ашхабад.

Ресей, Қазақстан және Өзбекстанның "Газ одағынан" Түркіменстан қауіптеніп отыр Фото: Ашық дереккөзден

Түркіменстан Ресей, Қазақстан және Өзбекстанның "газ одағынан" қауіптеніп отыр. Себебі кремль алдын ала тон пішіп, шешім қабылдап қойды деп наразы.

Бұл әңгіме Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің департамент директоры Дмитрий Биричевскийдің мәлімдемесінен кейін туындады. Ол газ саласында үшжақты келісімге өзге де мемлекеттер қосылу мүмкін екендігін алға тартқан еді. Алайда түркімен тарапы бұл мәлімдеме түсініксіз әрі газ саласындағы халықаралық құқыққа қайшы деп санайды. Себебі "Түркіменстан-Қытай" құбыры арқылы ең ірі жеткізуші - Ашхабад.

Айталық 55 млрд текше метр газдың 40 млрд-ын тасымалдайды. Қалғанын Өзбекстан мен Қазақстан. Демек әуелі келісім Түркіменстанмен жүргізілуі тиіс еді. Бірақ кеңеспеген.

"Былтыр Өзбекстан қыста жылусыз қалып, әрине, олардың біраз қиындықтары бар. Оларға газ керек боп жатқанымен, түркімендермен келісімшартқа келіп, солармен осы сұрақты шешкен дұрыс. Егерде біз оған қосылып жатсақ,  газдың бағасын көтеруге тура келеді. Енді Ресей жағдайы нашарлай берген соң осы одақтас елдерден арқасында күн көрудің жолын іздейді. Сондықтан бізге олардың саяси қысымы ұлғая береді", - дейді экономист Меруерт Махмұтова.

Ал, энергетика министрлігі "газ одағы"құрылды деген хабарды жоққа шығарды. Ресейден де, Өзбекстаннан да ешқандай ұсыныс түскен жоқ дейді.

"Газ саласындағы үшжақты ынтымақтастықты қалыптастыру бастамасын Ресей Федерациясы жариялады. Бұл ретте өзбек тараптарынан бұл ынтымақтастық бойынша ресми ұсыныс түскен жоқ", - деді ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ильясов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу