Ресей Қазақстанды көшбасшы ретінде таниды – Шувалов

941

Ресей Қазақстанды көшбасшы ретінде таниды – Шувалов

Ресей Федерациясының бірінші вице-премьері  Игорь Шувлов Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) көптеген мәселені  шешуде көшбасшы бола алады деп есептейді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Бізде дайын мамандар, бұл туралы түсінік және өзіміздің бекітілген күн тәртібі болғанмен де, бұл жерде Ресейдің көшбасшылық танытуы қауіпті. Өзіміздің белгілі бір рөлімізді таныта бастасақ, барлығы бұл Кремльдің саяси жобасы деп шулай бастайды. Бұл жобада Қазақстанның көшбасшы болғанын қалаймыз, өйткені Қазақстанның президенті бұл идеяның негізін қалаушы . Ол 90- жылдардың басында-ақ евразиялық кеңістік туралы идеяны айта бастаған болатын", –  деді Астанада өтіп жатқан "Еуразиялық апталықта" сөз алған Игорь Шувалов.

"Әрине, шектеу және алу, сондай-ақ цифрлы экономиканы құру және т.б маңызды мәселелер, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қатысты мәселеде Қазақстанның көшбасшы болғанын қалаймыз", – деді ол.

Сондай-ақ вице-премьер Еуразиялық одақтың басқа да мүшелері бұл позицияны қолдайтынына сенімді.

"Барлығымыз  Еуразиялық кеңістік құндылығының көшбасшысы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлына үміт артып отырмыз. Алға қарай жылжыту бастамасы Қазақстанда қалыптасатын болады деп ойлаймыз", – деп толықтырды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу