Ресейде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны бір тәулікте 24-ке өсіп, 130-ға жетті, деп хабарлайды ИНТЕРФАКС жедел штабтың мәліметіне сілтеме жасап.
"Бір тәулікте коронавирус анықталған 24 науқас қайтыс болды", – дейді жексенбі күні жарияланған штаб хабарламасында.
Мәскеу қаласында 14 адам қайтыс болды. Ал Мәскеу облысында 4, Шешенстанда 2, Кострома, Смоленск облыстарында және Башқұртстан мен Ингушетияда бір-бір өлім-жітім жағдайы тіркелген.
"Індет таралғаннан бері Ресейде 130 адам қайтыс болды", – дейді хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу