Ресейден әкелінген аққулар "Астаналық" саябағына жіберілді

827

Ресейден әкелінген аққулар "Астаналық" саябағына жіберілді

Елорданың басты саябағын күрделі жөндеуден өткізу және көріктендіру бойынша жұмысты Астана қаласының жеке коммуналдық қоры 2016 жылы бастаған болатын. Астанаға арнайы Ресейден әкелінген қара аққулар "Астаналық" саябағының басты сұлулығына айналып үлгерді. Құстар саябақ айдынына бейімделіп, келушілерге жақын жүзіп келіп, олармен танысуға қарсы емес. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлайды.

Астана қаласының мәдениет басқармасы 2017 жылдың жаз мезгілінде балалар мен қала қонақтары үшін арнайы "7 керемет" ойын-сауық бағдарламасын әзірледі. Күн сайын қаланың 5 саябағында екі рет анимациялық шоу өткізіліп тұрады. Шетелдік қонақтарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында еріктілер өз жұмыстарын бастады. Саябақтың барлық ақпараттық карталары, сілтемелері мен маңдайшалары үш тілде жазылған: қазақ, орыс және ағылшын. Бұдан бөлек ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне арналып саябақта "жасыл технология аллеясы" пайда болды. Мұнда барлық келушілер гироскутерлерде, сигвеяларда жүріп, роботтарды көре алады.

ЭКСПО-ның өтуі кезінде қала 2 млн-ға жуық туристі қабылдауды жоспарлаған. Келушілердің ыңғайлылығы үшін қоғамдық тамақтану орындарының санын көбейткен. Бүгінгі таңда "Астаналықта" 164 жеке кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Оның тең жартысы қоғамдық тамақтандыруға жұмылдырылған. 2 стационарлық кафе толық жаңартылды, ал қала күні қарсаңында 10-нан астам тез тамақтану павильондары жұмыс істейді.

Саябақта "Американдық сырғанау" атракционы пайда болды. Тұрғындардың бұл аттракционға қызығушылығы жоғары. 

- Билет құны 500 теңгеден аспайды. Балалар аттракциондарына 150 теңгеден 300 теңгеге дейін төлейсіз. Бұдан бөлек мүгедектер мен көпбалалы отбасыларына жеңілдіктер қарастырылған, – дейді саябақ қызметкерлері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу