Республикалық бюджеттің тең жартысын әлеуметтік шығыстар құрайды

726

Былтыр оның көлемі 910 млрд теңгеге ұлғайып, 7,5 трлн теңгеге жетті.

Республикалық бюджеттің тең жартысын әлеуметтік шығыстар құрайды

2021 жылы республикалық бюджеттің атқарылуы коронавирус пандемиясының келеңсіз әсерлері жағдайында жүзеге асырылды. Дегенмен 2020 жылмен салыстырғанда іскерлік белсенділіктің жандануы байқалды.

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сенат отырысындағы сөзін осылай бастады, деп жазды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, жалпы ішкі өнімнің өсімі 4%-ды құрады.

"Бұған әсер еткен негізгі факторлар қызмет көрсету секторындағы өсудің жеделдеуі, экспорт есебінен сауда балансының нығаюы, өндіруші емес салалардағы жоғары инвестициялық белсенділік", – деді спикер. 

Экономиканың барлық негізгі салаларында оң нәтиже байқалады. Мәселен, өнеркәсіптік өндіріс көлемі – 3,8%, құрылыс саласы – 7,6%, көлік – 3,6%, сауда – 9,2%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,5%-ға ұлғайды.
Инфляция деңгейі 8,4%-ды құрады. Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде сақталды.

"Қалыптасқан ахуалда республикалық бюджеттің атқарылуы келесідей көрсеткіштермен сипатталады.Түсімдер 100,8%-ға атқарылып, 12,7 трлн теңгені құрады. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 3,1%-ті құрады. Шығыстар 99,2%-ға игерілді және 15,2 трлн теңгені құрады. Әлеуметтік шығыстар 2020 жылмен салыстырғанда 910 млрд теңгеге ұлғайып, 7,5 трлн теңгені құрады. Бұл – республикалық бюджеттің жалпы көлемінің 50%-ы", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу