Республикалық "ASAR" үшжақты серіктестік форумы басталды

1084

Республикалық "ASAR" үшжақты серіктестік форумы басталды

Бүгін Атырауда алғаш рет республикалық "ASAR" ҮЕҰ-бизнес пен мемлекеттің өзара əрекетіне бағытталған үшжақты серіктестік форумы басталды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 
Форум ұйымдастырушылары - ҚР дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігі, "Атамекен" ұлттық кəсіпкерлер палатасы, Атырау облысының əкімдігі. Ал "Chevron", "Tengizchevroil", "Raimbek Group" компаниялары, Қазақстан жастары конгресі, "Жастар таңдауы-Атырау" ҚҰ, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес ұйымы форум серіктестері қатарында.
Форум аясында Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев сөйлеп, аймақта ҮЕҰ-бизнес-мемлекет қатысуымен əлеуметтік жобалар табысты жүзеге асып жатқанын айтты. Мысалы, "Заңғар" жастар жобасы - оқушылар мен студенттердің алдыңғы қатарлы технологияларды меңгеруіне бағытталған. Жобаны "Шеврон" компаниясының қолдауымен "International Youth Foundation" халықаралық жастар ұйымы мен "ИнфоЦентр" жергілікті қоғамдық бірлестік жүзеге асырып отыр. 
"Жобамен 5 мың адам, жүзден астам оқу орны қамтылып отыр. Халықаралық дəрежедегі жүзден астам тренер дайындалды",- деді облыс əкімі. 
Кəсіпкерлікті дамыту саласында "Жарқыра" бағдарламасы тиімділігін көрсетті, оның аясында екі жыл ішінде 12 бизнес жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. "Жарқыра" жобасын "Орталық Азия Евразия" қоры "Теңізшевройл" компаниясының қолдауымен жүзеге асыруда. 
Облыс əкімі атыраулық кəсіпкерлер əлеуметтік нысандар құрылысына - балалар орталықтары, бала бақшалар, саябақ, мəдениет, спорт нысандарына қаржы салуда белсенді екендерін атап өтті.
Жалпы құны бір миллиард теңге болатын 11 жоба жүзеге асып жатыр. Оны жергілікті кəсіпкерлер қаржыландырған. 
Сондай-ақ, форум аясында бизнес-құрылымдар мен ҰЕҰ-дар арасында бірлескен əлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 10 меморандумға қол қойылады. Келісімдер мен меморандумдар ҮЕҰ жұмысына байланысты барлық тосқауылдың алдын алмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу